"Күнде билейтін шығарсыңдар". Желіде қазақ қызы үнді жігітіне тұрмысқа шыққаны талқыланып жатыр

"Күнде билейтін шығарсыңдар". Желіде қазақ қызы үнді жігітіне тұрмысқа шыққаны талқыланып жатыр
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде қазақ қызының үнді жігітіне тұрмысқа шыққаны қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тойдан үзінді видео TikTok желісінде пайда болған. Ол 300 мыңға жуық қаралым жинаған.

@al_artunyan Ұзатылған күнім ? девочки продаю платье+саукеле+фата+диадема ручной работы, цена очень приятная? пишите. г. Алматы #wedding #fyp #almaty ♬ orijinal ses - Remix Adam

Желі қолданушыларының бір бөлігі жұпқа бақыт тілесе, енді біреулер сынаған.

"Маған қызық, олар қалай ет жеді екен?", "Қаншама адам махаббатын таба алмай жүр, біреулерге ұлты қызық", "Қазақ қызын қимайсың", "Бастысы бақытты болсаңдар болды", "Қазақ жігіт табылмады ма?", "Күнде билейтін шығарсыңдар", - дейді пікір жазғандар.

Ұзатылған қазақ қызының айтуынша, жігіт жақтағы той 22, 23, 24 маусымда болады. Сондай-ақ, ұзатуда үнді халқы ет жемейтініне байланысты олардың дастарханына тек етсіз тамақтар қойылғанын айтты.

Олар оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, Instagram арқылы танысқандарын жеткізген. Ал үнді жігіті 22 жылдан бері Қазақстанда тұрады екен. 

@al_artunyan Ответ пользователю @dilya? ♬ Люблю тебя за твою чистую душу - Kenjebek Nurdolday

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова