- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістанның экс-әкімі Рашид...
Түркістанның экс-әкімі Рашид Аюпов қамауға алынды
Түркістанның экс-әкімі Рашид Аюпов уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі өкілдері Түркістанның бұрынғы әкімі Рашид Аюповтың елорданың тергеу изоляторында қамауда отырғаны туралы ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне растады.
"Аюпов Р.А. 2022 жылғы 17 қазаннан бастап Астана бойынша ҚАЖ департаментінің №64 аралас күзет мекемесінде (СИЗО) ұсталды. Қазір Аюпов Р.А.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-бөлігі, 312-бабының 5-бөлігі "Пара беру" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр",- делінген ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі өкілдерінің Tengrinews.kz редакциясының сауалына берген жауабында.
Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтары мен міндеттері бар екені хабарланды.
"Сондай-ақ, олардың мекеме кітапханасынан кітаптар алуға, заңгерлермен, қоғамдық қорғаушылармен және туыстарымен кездесуге мүмкіндіктері бар", - дейді министрліктегілер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек