- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Желсіз түнде жарық...
"Желсіз түнде жарық ай": Италияда тұратын қазақ қызы елін сағынып, егіліп жылады
Әлеуметтік желіде Италияда жүрген қазақ қызының туған жерін сағынып, "Желсіз түнде жарық ай" әнін тыңдағанда көзіне жас алғаны көрінетін видеосы тарады. Видеода әнді орындап тұрған жас әнші Ержан Максим екені айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қанат Аман есімді Желі қолданушысы жариялаған видео 285 мыңнан аса қаралым жинаған.
"Италияда тұратын қазақ қызы "Желсіз түнде жарық айға" елін сағынып жылап отыр. Ал италиялықтар ұйып, Ержан Максимді тыңдады", - делінген видеода.
@qanataman #ержанмаксим ♬ оригинальный звук - qanataman
Желі қолданушысы Ержан Максимнің орындауы италиялықтарды таңдай қақтырғанын айтады.
@qanataman #ержанмаксим #италия #желсізтүндежарықай ♬ оригинальный звук - qanataman
@qanataman #ержанмаксим ♬ оригинальный звук - qanataman
Әнші Ержан Максим да Instagram-парақшасында Италияда өнер көрсету бұрыннан арманы болғанын жазыпты.
"Концерттен кейін Италиядағы қазақ студенттері келіп маған алғысын білдіріп жатты. Алғысым шексіз", - дейді ол.
TikTok қолданушылары жүректебірентер видеоны көріп, шет елде жүрген кезде сағынышты көз жаспен шығару қалыпты жайт екенін жазған.
"Елді сағынған ғой", "Шетелде жүріп, қазақ әнін естісең, қыз түгілі жігіттің көзіне жас келеді", "Жүрегіңнен айналдым", "Сағынған ғой елін, анасын", "Шіркін, туған жерге деген сағыныш", - дейді Желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова