Журналистер Қостанай облысының экс-әкімі Мұхамбетов тұрған резиденцияны аралады

Журналистер Қостанай облысының экс-әкімі Мұхамбетов тұрған резиденцияны аралады

Жергілікті журналистер Қостанай облысының экс-әкімі Мұхамбетов тұрған резиденцияны аралады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл резиденция психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған Оңалту орталығына берілгені белгілі болды.

31 наурызда қостанайлық журналистерге ғимараттың қандай екені, жоғары лауазымды тұлғалардың тұрған жері көрсетілді. Бұл резиденция қаладан сегіз шақырым жерде орналасқан.

Аумақта алты ғимарат, фельдшерлік пункт пен жеке қазандық бар. Қазір мұнда екі күзетші мен қазандық операторы жұмыс істейді.

Бұған дейін мұнда облыстың бұрынғы әкімі Архимед Мұхамбетов тұрған. Ол 2015-2022 жылдар аралығында әкім қызметін атқарған еді.

Бұған дейін Президенттің Қостанай, Ақтау, Тараз, Атырау және Ақтөбедегі резиденциялары балалардың игілігіне берілетіні хабарланған болатын. Кейін әкімдіктер бұл ақпаратты растап, Президенттің тапсырмасымен әрекет ететіндерін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек