Қарағандылық әйел қоқыстан ойыншық жасап, жұртты таңғалдырып жүр

Қарағандылық әйел қоқыстан ойыншық жасап, жұртты таңғалдырып жүр

Қарағандылық Татьяна Краснова сүйкімді жануарлар кейпіндегі жұмсақ ойыншықтарды қайта өңделген шикізаттан жасайды. Ол осындай әдіспен жарамсыз затқа екінші тыныс беріп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Тонналап жатқан қайта өңделген материалдардан кәдеге жарайтын ойыншықтар жасалып жатыр. Қазір Татьянаның ойыншықтары балалар орталықтарында, балабақшаларда, мектептерде сұранысқа ие. Ол жеке тапсырыстарды да қабылдайды.

Әр ойыншық түрі белгілі бір жоспары бар жобаға айналған. Шебердің аңдар кейіпін ойлап табу үшін қолданып жатқан ерекше идеялары жұртты таңғалдырған.

"Барлығы былай басталды. Ұлымның балабақшасына қуыршақ театры қажет болып қалды. Біз бұл мәселені бірден шеше алмағаннан кейін ойыншықтарды қалай қолдан жасауға болатынын ойлана бастадық. Басында балабақшадан жұмсақ ойыншықтар тауып алдық та, содан алғашқы сынақ нұсқасын жасап шығардық. Кейін басқа мекемелерден де сұраныстар түсе бастады", - дейді тігінші Татьяна Краснова.

Ескі жұмсақ ойыншықтарды тапсырғысы келетіндер "Қарағанды қайталама шикізат" компаниясындағы Татьянаға барады.

Ол жақын арада қаладағы бір балабақшаның қуыршақ театрына тегін көмектескісі келеді.

"Егер көлемі қуыршақ театрларына сәйкес келмесе, біздің кезекте тұрған басқа да жобаларымыз бар. Соның бірі - ойыншықтардың екінші өмірі. Ол аз қамтылған балалар үшін ғана емес, ойыншық ауыстырғысы келетіндерге де қолайлы. Өзінікін беріп, орнына басқа дайынын алып кетуге болады. Ойыншықтарды жөндеу жұмыстары да қиын емес", - дейді тігінші Татьяна Краснова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова