- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екі қазақстандық Оңтүстік...
Екі қазақстандық Оңтүстік Корея шекарасынан заңсыз өтпек болған: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Оңтүстік Кореяда шекарадан заңсыз өтпек болған Қазақстанның екі азаматы қамауда отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Оңтүстік Корея пабликтері мен әлеуметтік желілерден белгілі болды. Korea Komek мәліметінше, қазақстандықтар Түркістаннан.
"2002 және 2005 жылы туған қазақстандықтар 25 наурызда Өзбекстаннан Korea Air әуекомпаниясының ұшағымен Кореяға келген. Құжаттарының дұрыс болмауына байланысты кеден қызметкері оларды елге кіргізбей, депортацияны күту залына жіберген. Олар депортация рейсін күту кезінде, 26 наурызда таңғы сағат 4:20 шамасында әуежайдың ұшу-қону жолағы жанындағы үш метрлік қоршаудан асып, қашып кеткен", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Екеуі де өз істерін мойындап, туған жерінде отбасын асырау үшін жұмысқа ұшып келгендерін айтқан. Оңтүстік Корея полициясы оларды шекараны заңсыз кесіп өтіп, қашып кетті деп айыптады. Қазір екі азамат қамауға алынған.
Қордың қолдауымен бір қазақстандық жақында еліне қайтарылуы керек.
Корея билігінен 3 күн бойы жасырынып жүрген екінші қазақстандық алдағы 3 айды жергілікті түрмеде өткізеді. Корея заңы бойынша, қазақстандыққа 15 жылға дейін мерзім берілуі мүмкін, бірақ оның өз еркімен берілуі жауапкершілікті жеңілдететін жағдай ретінде ескеріледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек