Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу пункті жұмысын уақытша тоқтатты

Қостанай облысындағы Ресеймен шекарада орналасқан " Желқуар" автомобиль өткізу пункті су тасқыны салдарынан уақытша жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шекара қызметіне сілтеме жасап.

"Су тасқыны жағдайына байланысты 2023 жылғы 29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы Ресей Федерациясы Челябинск облысының ресейлік "Мариинский" өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан "Желқуар" автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

"Желқуар" автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді қайта бастау туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Көлік жүргізушілеріне осы жағдайды ескеріп, қозғалыс бағытын түзету ұсынылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!