- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мен үшін ол...
"Мен үшін ол кісі әлі бар". Әнші Индира Елемес Арман Дүйсенов туралы айтты
"Екеуміз де кінәлі", "Құмармыз", "Жазғым келеді" әндерінің орындаушысы Индира Елемес Жұлдыз FM студиясында қонақ болып, Massaget.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берді.
Бұған дейін Ресей халық әртісі Филипп Киркоровпен бір сахнада ән шырқаған Индира Елемес оған ілтипатын көрсетіп, көпшілік алдында шапан жапқан болатын. Шетел әншілерімен дуэт жазуды әдетке айналдырған өнер иесі енді тыңдармандарын жаңа туындымен қуантпақ.
"Қазағымыздың әп-әдемі, сүйкімді барша қызына арнап, "Жан құрбым" деген ұзатуға арналған керемет ән шығардым. Одан бөлек, жақында БАӘ елдеріне барып, жаңа дуэттің келісімшартына қол қойып келдім, бірақ ол туралы жақын арада өзім мәлім етемін. Одан өзге, өзбекстандық Шохруххонмен Seviyorum әнін тыңдармандарға ұсындық", - дейді өнер иесі.
Әнші Индира Елемес белгілі композитор Арман Дүйсеновпен жақын ара-қатынаста болғанын еске алды.
"Арман аға менің ұстазым болды. Өнерде ол кісінің үлкен септігі тиді. Көріскен кезде ақылдарын айтып жүретін. Мен ол кісіге көп рақмет айтамын. Мен үшін ол кісі әлі бар" , - дейді әнші.
Айта кетейік, әнші Индира Елемес танымал композитор Арман Дүйсенов биыл 24 қаңтарда жүрегі тоқтап, қайтыс болғанын Instagram-парақшасында алғашқылардың бірі болып хабарлаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы