Алматыда 7 оқушы бұрыш баллонынан уланып, ауруханаға түсті

Алматыда 7 оқушы бұрыш баллонынан уланып, ауруханаға түсті
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда 9-сынып оқушысы мектеп әжетханасына бұрыш спрейін шашып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы №96 мектепте бұрыш спрейі қолданылып, соның салдарынан оқушылардың зардап шеккені туралы айтылған видео пайда болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers Almaty (@kris__p__almaty)

Полицияның баспасөз қызметі өкілдері 29 наурызда Алмалы ауданындағы №96 орта мектептің 9-сынып оқушысы дәретханада үзіліс кезінде бұрыш спрейін шашқан. Соның салдарынан жанында тұрған оқушыларға иіс тиіп, уланғаны туралы хабар түскен.

Бұл дерек бойынша Алмалы ауданының ПБ-мен оқушының ата-анасына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес шара қолданылады. Материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек