"Анам мен інім араласпай кетті". Актриса Мереке Қалбаева жеке өмірі туралы айтты

"Анам мен інім араласпай кетті". Актриса Мереке Қалбаева жеке өмірі туралы айтты

Жайдарманшы, актриса Мереке Қалбаева "Қыздар-ай" бағдарламасында қонақ болып, жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өзінен алты жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан өнер иесі осы некеден кейін анасымен жарты жыл араласпағанын айтты.

"Біздің отау құруымызға күйеуім жағынан бір адам қарсы болмаған. Ал өз жағымнан анам мен інім араласпай кетті. Жарты жылдай анам ренжіп жүрді. Өзімнен бір жас кіші інім өте намысшыл, ол бұл жағдайды қабылдай алмады. Дегенмен тұратын - мен. "Бәріне өзім жауап беремін" дедім. Мен ел-жұрттың сөзін тыңдасам, тұрмысқа шықпас едім", - дейді Мереке Қалбаева.

Мерекенің айтуынша, әкесі қызының тұрмысқа шықпай қалуынан қорыққан екен.

"Әкеме "мен күйеуге тиейін деп жүрмін, бірақ күйеу балаңыз менен алты жас кішкентай" деп едім. "Ойбай, 60 жас кіші болса да тиші" деп ақ батасын беріп, шығарып салды", - дейді актриса.

Айта кетейік, Мереке Қалбаева мен Арсен Акиев осыдан бес жыл бұрын отау құрған еді. Жұбы жазылмаған өнер иелерінің бүгінде 1 қыз, 1 ұлы бар. Жас жанұя үшінші нәрестесін күтіп жүр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы