- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Келісе алмадық". Құралай...
"Келісе алмадық". Құралай Анарбекова Сабуровқа қанша ақша ұсынғанын айтты
Фото:
Instagram
Танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова фильміне Нұрлан Сабуровты қанша ақшаға шақырғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы "Түнгі студия" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса "Брат или брак" атты фильмінің үшінші бөлімі түсіріліп жатқанын айтты.
"Барлық актер орнында қалды. Тек Сабуровпен келісе алмадық. Өйткені ол ТНТ арнасының адамы болғаннан кейін бір жылға жоспарлап қояды. Жақсы гонорар бердім. "Ойнап айтатын шығарсың" дейді. "Жоқ, сондай гонорар беремін бір күнің үшін" дедім. Сабуровқа 20 мың доллар ұсындым", - дейді продюсер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова