Перуашев, Еспаева. "Ақ жол" партиясынан кімдер Мәжіліс депутаты болды?

Перуашев, Еспаева. "Ақ жол" партиясынан кімдер Мәжіліс депутаты болды?
Фото: Азат Перуашевтің Telegram-дағы каналы

"Ақ жол" партиясы Ұлттық кеңесінің пленумында депутаттық мандаттар бөлінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін "Ақ жол" демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді. Бұл туралы Азат Перуашев Telegram-дағы каналында хабарлады.

Пленумның бірауыздан шешім шығаруымен Мәжілістің депутаттық мандаттары келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:

  • Барлыбаев Ерлан Хайланұлы - экономист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
  • Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, BIGLIFE ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы;
  • Еспаева Дания Мәдиқызы - финансист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
  • Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, Партия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
  • Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – Партия төрағасы;
  • Садықов Асқар Аманбайұлы – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтөбе облысы.

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан "Ақ жол" демократиялық партиясына 535 139 қазақстандық дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша "Ақ жол" Мәжілісте 6 депутаттық мандат алды.

Еске салайық, бұған дейін Халық партиясы Мәжіліс депутаттарының кандидатурасын бекітті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан