- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екі қазақстандық Оңтүстік...
Екі қазақстандық Оңтүстік Корея шекарасынан заңсыз өтпек болған: СІМ пікір білдірді
Екі қазақстандық Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз өтпек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі растады.
Корея Республикасына кіруге рұқсаты болмаған екі ер адам Инчхон халықаралық әуежайында ұсталып, сол жерде қашып кетпек болған. Кейінірек олардың бірін жергілікті полиция ұстады, ал екіншісі әлі іздестіріліп жатыр.
"Бұл ер адамдар Оңтүстік Кореяға биыл 24 наурызда Ташкенттен Koreana әуекомпаниясының рейсімен келіп, депортациялық рейсті күткені белгілі болды. Қазақстанның Сеул қаласындағы Елшілігі осы мәселе бойынша Корея Республикасының уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста. Бұл оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырды және жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланды. Өз кезегінде бұл жағдай болашақта Корея Республикасының құқық қорғау және иммиграциялық органдарын Қазақстан азаматтарының елде заңсыз жүрумен белсенді күреске, сондай-ақ, азаматтарға елге кіру тәртібін қатаңдатуға итермелеуі мүмкін екенін атап өткен жөн", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек