- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Серік Күдебаевқа қатысты...
Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді
Талдықорған қалалық соты Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысын осымен төртінші рет кейінге шегерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алғашында Күдебаевқа үкім 10 наурызға белгіленген болатын. Алайда кейін генерал-майор Серік Күдебаевтың ауруханаға жатқызылғаны хабарланды. Одан кейінгі сот отырысы 16 наурызға белгіленді. Осыдан кейін үкім тағы екі рет - 20 және 27 наурызға шегерілді. Бүгін сот отырысының тағы болмайтыны белгілі болды.
Айта кетейік, Серік Күдебаевтың соты қаңтарда басталған еді. Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған. Күдебаев 2020 жылдан бастап 2022 жылғы қаңтарға дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.
Келесі сот отырысының қашан болатыны әзірге белгісіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек