- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Күйеуім жаныма жатпайтын...
"Күйеуім жаныма жатпайтын кездер болды". Зарина Омарова өміріндегі қиын сәтті еске алды
Танымал әнші Зарина Омарова өмірінде қай сәттер қиын болғанын айтып берді. Ол "Қыздар-ай" бағдарламасында қонақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, салмақ қосып алған соң қиын сәтке душар болған.
"Ең қиыны арықтау жағы болды. Күйеуім менен ұялып жүрген кездер болды. Менен алшақтап, мені еш жерге алмай жүрді. Күйеулері құқық органында істейтін қыз-келіншектер мені түсінеді деп ойлаймын. Мүлде үйге келмейтін. Жұмысы ауыр болды. Үйде жалғыз өзім болдым. Күйеуім - өте сымбатты жігіт. Қызғаныш та болды. Әрине, сондай келі салмақ қосып алған соң. Кішкентай кезінде ата-анам ажырасты. Мен оны қаламадым. "Балаларым ондайды көрмеуі керек" дедім. 3-сыныпта ата-анам ажырасты. Содан кейін "ажыраспаймын, бәріне шыдаймын, балаларым әкесіз өспейді" дедім. Келе жатырмыз бәріне шыдап. Ұзағынан болсын. Жаныма жатпайтын, жоламайтын кездері де болды. Бәріне шыдадым. Өзіме "Қайда бұрынғы, Зарина?" дедім. Өз-өзімді жеңдім. "Әдемі боламын, сахнаға ораламын" деп серт бердім. "Көресің, бірақ сен мені сахнаға шығарасың, ақшаны төлейсің, әндер жазып бересің" дедім (күйеуіне - еск.). Шүкір, жолдасым бәрін орындады", - дейді ол.
Айта кетейік, Зарина Омарова - "Жангүлім", "Маралдым", "Алғашқы махаббат" секілді танымал әндердің орындаушысы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова