Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады

Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке "Астана" халықаралық қаржы орталығының инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтерді дамыту, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ, АХҚО-ның жаңарған даму стратегиясы аясында негізгі бизнес-серіктестермен өзара байланыс жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына орнықты қаржыландыру құралдарының аясын одан әрі кеңейту және еліміздің көмірсутегі бейтараптығына жету мақсатын қаржыландыруды жүзеге асырудағы орталықтың рөлі жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден инвестиция тарту үшін қажетті инфрақұрылым құрып, жағдай жасауда, сондай-ақ, қор нарығы мен ел экономикасын дамытуда АХҚО-ның маңызды роль атқаратынын айтты.

Кездесу соңында Президент орталықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігіне, сондай-ақ, Транскаспий халықаралық көлік дәлізі секілді маңызды инфрақұрылым жобаларына ауқымды инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау керек екеніне назар аударды.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова