"Қимаған ғой". Екі әйел алған жігіт туралы видео Желіні шулатты

"Қимаған ғой". Екі әйел алған жігіт туралы видео Желіні шулатты

Әлеуметтік желіде бір жігіт екі әйел алғаны туралы видео тарап жатыр. Желі қолданушыларын бұл жайт таңғалдырған. Көпшілігі сенбеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодағы асаба бірінші рет екі келіннің бетін ашып жатқанын айтады.

"Бір емес екі келін түсіп жатыр. Керемет қуаныш болып жатыр", - дейді асаба.

@erzhan__myrza #беташар #шымкент#қазақстан ♬ оригинальный звук - Ержан Мырза

Алайда Желі қолданушылары бұл хайп екенін айтып, бір үйдің екі баласы үйленіп жатқан болуы мүмкін деп топшылаған. Тіпті өзінің сол ауылдың адамы екенін айтқан TikTok қолданушысы да хайп екенін жеткізген.

"Бір үйдің екі ұлы үйленген шығар", "Ағасы мен інісі шығар үйленіп жатқан", "Егіз жігіт үйленіп жатқан шығар", "Акция болған кезде алып үлгерген сияқты ғой", "Бұл өмірді ұтып алды", "Екеуін де қимаған ғой", "Таңғалып отырмын", - деп жазған пікір білдіргендер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова