- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президентке Наурыз есімді...
Президентке Наурыз есімді күшік сыйға тартылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тазы иттер көрмесін тамашалап, сыйлыққа тазы күшігін алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Nomad ұлттық саятшылық қоғамдық қорының төрағасы Болат Құнанбаев Президентке тазыны сақтау, өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажетін айтты.
"Құмай тазы - ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық керек. Бұл маңызды іс кәсібилікті талап етеді. Сол үшін арнайы заң қабылдадық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, Асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова Президентке тазының күшігін сыйға тартты.
Күшіктің аты - Наурыз, 1,5 айлық.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек