Мәжіліс сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды

Мәжіліс сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Фото: Tengrinews.kz

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының алдын ала нәтижелері жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірлерден жедел деректер бойынша сайлаушылар тізіміне 12 035 578 азамат енгізілді, дауыс беруге 6 366 441 азамат қатысты.

Алдын ала нәтиже келесідей:

  • Amanat партиясы  - 53,90 пайыз, (3 431 510 дауыс);
  • "Ауыл" партиясы - 10,9 пайыз, (693 938 дауыс);
  • "Ақ жол" партиясы - 8,41 пайыз, (535 139 дауыс);
  • Қазақстан халық партиясы - 6,8 пайыз, (432 920 дауыс);
  • Respulica партиясы - 8,59 пайыз, (547 154 дауыс);
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,2 пайыз, (331 058 дауыс);
  • "Байтақ" жасыл партиясы - 2,3 пайыз, (146 4431 дауыс);
  • "Бәріне қарсымын" - 3,9 пайыз (248 291 дауыс).

Осылайша, Мәжіліске өту үшін бес пайыздық шекті межені жеті партияның алтауы жинаған. 

Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы Мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.

Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан