"Кедергі келтірген". Сайлауда заңсыздықты анықтаған байқаушы шеттетілді

"Кедергі келтірген". Сайлауда заңсыздықты анықтаған байқаушы шеттетілді
Фото: Әлихан Сариев

Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимка қаласында №360 сайлау учаскесінде сайлау кезінде заңбұзушылықты анықтаған тәуелсіз бақылаушының жұмысы шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Орынбай Атығаевтың сайлау штабынан хабарлады.

Сайлау комиссиясының пайымынша сайлауда сенімді өкіл болған Еркін Жұмаш сайлау процесінің өтуіне кедергі келтірген.

Алайда Еркін Жұмаш осыған дейін құпия дауыс беру орнында таза жатқан бюллетеньдерді тауып жариялаған. Бұдан кейін бақылаушы сайлау комиссиясының шешімімен байқаушы құқығынан айырылды. Сайлау комиссиясы бақылаушыны тіркеуден шығару туралы шешім шығарған.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина