- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Биыл Түркістанда Түркі...
Биыл Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді
Биыл Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның Анкарадағы кезектен тыс саммиті кезінде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл қазанда киелі Түркістанда Ұйымның оныншы мерейтойлық саммиті өтеді. Сіздерді осы алқалы жиынға қатысуға шақырамын. Бұдан бөлек, күзде ұйымға төрағалық ету міндеті Қазақстанға жүктеледі. Сол кезде бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылады", - деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргідей күрделі экономикалық кезеңде ұйымға мүше мемлекеттердің саяси, мәдени, экономикалық ықпалдастығы жаңа деңгейге көтеруге тиіс.
"Қазір геосаяси жағдай күрделі екенін білесіздер. Әлемдегі экономикалық ахуал да мәз емес. Осындай қиын кезеңде Түркі әлемі өзара ынтымақтастығын нығайта түсті. Бұл – өте дұрыс қадам. Біздің ұйым сол арқылы халықаралық деңгейде өзіндік орны бар екенін көрсетті. Елдеріміз саяси, экономикалық және мәдени ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруі қажет. Бұл – Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттың бірі", - деді Қазақстан Президенті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан