- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Секс-жұмысшыларды жарнамалаған Kyzdar.Net...
Секс-жұмысшыларды жарнамалаған Kyzdar.Net сайтының топ-менеджерлері ұсталды
Ішкі істер министрі Kyzdar.Net сайтының топ-менеджерлері мен олардың көмекшілерін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Polisia.kz-тің хабарына қарағанда, Ішкі істер министрлігі республика аумағында 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті. Олар Kyzdar.Net интернет-сайты арқылы секс-жұмыспен айналысатын адамдардың жарнамасын жасап, "онлайн жеңгетайлықпен" айналысқан және күн сайын 2 миллион теңгеге дейін пайда түсіріп отырған.
Қылмыстық топқа қатысушылардың жалпы ақша айналымы - 8 миллиард теңге (орташа алғанда жылына 2 миллиард теңгеден асады). Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған. Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 150 адам анықталып, олардан жауап алынды, олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады. Сараптама негізінде сайттағы материалдар порнографиялық сипаттағы туындыға жататыны анықталды, сонымен бірге ақылы жыныстық қызметтерді іздеп, пайдалануға арналған.
Астанада, Алматыда, Павлодарда жүргізілген тінту шараларының нәтижесі бойынша 23 миллион теңгеден астам ақша, оның ішінде криптовалюта, автокөліктер, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленіп алынды. Сот компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалды.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" деген 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар веб-сайтты бұғаттап, сотқа дейінгі тергеп-тексеріп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан