- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақ тілінде ән...
"Қазақ тілінде ән орындалмайды". Басы дауға қалған Пинта мейрамханасы түсінік берді
Алматыда "Пинта" мейрамханалар желісіне қатысты дау шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мессенджерлерде мейрамхана музыканттарына арналған чатта талқыланған хабарлама скрины пайда болған. Хабарламада музыканттарға мейрамханада қазақ тіліндегі әндер қойылмайтыны айтылған.
"Егер қонақтар қазақ тілінде ән қоюды сұраса немесе талап етсе, плей-листте қазақ тіліндегі ән жоқ екенін айту керек. Немесе бірден менеджер немесе директорды шақыру қажет. Егер бірден жауап беру қиын болса, сізге не істеуге тыйым салынғанын айтпаңыз менеджерді шақырыңыз", - делінген хабарламада.
Мейрамхананың маркетинг өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді.
"Құрметті достар, Пинта мейрамханалар желісі нарықта 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қонақпен және қызметкерлермен барлық ішкі және сыртқы байланыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, атап айтқанда: мәзір, мейрамханадағы қызмет, жарнамалық құралдар, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар және оқыту құралдары. Әр жұма және сенбі күндері барлық мейрамханада музыкалық ойын-сауық бағдарламасы өткізіліп, онда қаланың үздік музыканттары мен dj-лері өнер көрсетіп, қазақ тіліндегі танымал әуендерді де орындайды! Біз сізді мейрамханаларымызда көруге әрқашан қуаныштымыз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін танымал кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне қатысты айтқан мәлімдемесі Желіде дау туғызғаны хабарланған болатын.
Кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне байланысты айтқан сөзінен кейін Қазнеттегілер де компания сервистерінен бас тартуға шақырған еді. Кейінірек компания өкілдері осы жайтқа байланысты пікір білдірді. Артынша кәсіпкердің өзі де кешірім сұраған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина