Мирзиеев Өзбекстан қай тарапты жақтайтынын айтты

Мирзиеев Өзбекстан қай тарапты жақтайтынын айтты
Фото: Іnstagram.com/mirziyoyev_sh

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстан қай тарапты жақтайтынын айтты. Видеоны Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазір заман қиын, алып елдер: "Өзбекстан, сен қай жақтасың? Бейтарап болуды доғар, ана жаққа не мына жаққа өт". Өздері де, өкілдері де: "Бізге Орталық Азиядағы Өзбекстан керек. Халық саны 36 миллионға жетті, үш-төрт жылдан кейін 40 миллионға жетеді". Олар: "Қай жақты қолдайсың" деп сұрайды. Мұндай қиын сұраққа қалай жауап беруге болады", - деп сұрады Мирзиёев.

"Жауап біреу ғана - мен бір жақтамын, ұлтым, халқым, Ұлы Өзбекстан мүддесі үшін жан тапсыруға дайынмын", - деді Өзбекстан президенті.

Мирзиеев Өзбекстаннан қай елдер таңдау жасауын сұрағанын нақтылаған жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек