Қазақстандықтар Наурыз мерекесінде қанша күн демалады?

Қазақстандықтар Наурыз мерекесінде қанша күн демалады?
Фото: Ренат Ташқынбаев

Келесі аптада қазақстандықтар Наурыз мерекесін тойлайды. Осыған орай ел тұрғындары сенбі және жексенбіні қосқанда бес күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн тойланады. Ол сейсенбі (21 наурыз), сәрсенбі (22 наурыз) және бейсенбіге (23 наурыз) сәйкес келіп тұр. Яғни дүйсенбі және жұма - жұмыс күндері. 

Сонымен қатар, қазақстандық оқушылар үшінші тоқсанды аяқтап, көктемгі демалысқа шығады. Ол 18-26 наурыз аралығы болмақ.  

Айта кетейік, жексенбі, 19 наурызда Қазақстанда кезектен тыс Мәжіліс және мәслихат сайлауы өтеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина