- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Міндетті түрде тұрмысқа...
"Міндетті түрде тұрмысқа шығамын". Айгүл Иманбаева 10 рет ұсыныс алғанын айтты
Танымал әнші Айгүл Иманбаева 24 жыл бойы жалғыз жүргенін, осы аралықта 10 рет ұсыныс алғанын айтты. Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бақытын жұртқа жариялап көрсететіндердің қатарынан емес.
"24 жыл бойы жалғызбын. 25 жыл ішінде 10 рет ұсыныс (тұрмысқа шығуға - еск.) жасалды. Instagram-да қолыма сақина салып, теріс қарап, гүл ұстап түсу табиғатымда жоқ. Маған ол нәрсе ұнамайды. Instagram-да бөлісе алмаймын. Бақытты адам үндемейді, бөліспейді. Құдайдан үмітім бар, міндетті түрде тұрмысқа шығамын", - дейді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова