- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қазақ екенін біліп...
"Қазақ екенін біліп едім". Джеки Чанға шапан жабылып, жылқы сыйға тартылды
Желіде танымал қытай актері Джеки Чанның Қытайда тұратын қазақтармен кездесіп, қазақша ән айтқан видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода актер Дәлелхан Әділбекұлының "Ақ шашу" әнін айтып тұрғаны көрінеді.
@ersynarystanbek Джеки Чан ???
♬ 原聲 - Ерсін
Qazaqstan 24/7 Telegram-арнасының мәліметінше, актер фильм түсіріліміне Іле Қазақ автономиялық облысына барған. Жергілікті қазақтар өнер иесін сән-салтанатпен қарсы алып, оған шапан жауып, жылқы сыйға тартқан.
Желі қолданушылары Джеки Чанның қазақ әнін айтып тұрғанына тәнті болып, пікір қалдырған.
"Осы Джеки Чан қытайдың қазағы емес пе? Бала кезімнен қытай емес екенін сезгенмін", "Қазақ пен Джеки Чан бір туған ғой", "Джеки Чан қоңырат дейді ғой", "Жарасып тұр", "Жәкенің қазақ екенін біліп едім", "Ол - қазақ, есімі - Жеңіс Шашуұлы, руы найман", - деп жазған пікір қалдырғандар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек