"21 миллион". Танымал тележүргізуші қалыңмалы неге қымбат екенін түсіндірді

"21 миллион". Танымал тележүргізуші қалыңмалы неге қымбат екенін түсіндірді

Танымал тележүргізуші, блогер Диана Қырықбай қалыңмалы 50 мың доллар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Диана журналист Асхат Садырбайдың YouTube-арнасында айтты. 

"Бұл жеңілдікпен", - деп әзілдеді Диана Қырықбай. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Диана Кырыкбай (@diana_kyrykbay)

Артынша тележүргізуші қалыңмалы неге көп екенін түсіндірді. 

"Неге жігіттер көп деп ойлайды? Негізі, бұл әзілдеп шығып кеткен дүние ғой. Бірақ не себепті барлық ер адам таңғалып жатыр? Ол 50 мың долларды алып келеді. Мен де жай жүрген қыз емеспін ғой. Менің бірнеше пәтерім бар. Мүмкін, депозитте жатқан ақшам бар шығар? Бір пәтерім 50 мың доллардан қымбат тұратын шығар? Неге оны санамайды? Ол үйленгеннен кейін 5 жылдан соң бәрі бірге болып саналады. Менің дипломым бар, білімім бар. Маған 50 мың доллар аса қатты көп емес. Саған көп шығар, басқа біреуге көп шығар. Бірақ 50 мың доллар бере алатын басқа жігіт бар ғой. Кәсіпкер достарым бар, "50 мың доллар аз ғой, бір көліктің құны ғой" дейді. Ол сенің өз деңгейіңе байланысты", - дейді тележүргізуші.     

Айта кетейік, 50 мың доллар теңгеге шаққанда 21 650 000 теңгедей. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина