- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ат үстіндегі батыр"....
"Ат үстіндегі батыр". Шалшыққа тұншыққан сәбиді құтқарған бала жұртты тәнті етті
Желіде Жамбыл ауылында ат үстіндегі жасөспірімнің шалшыққа тұншыққан 3 жасар сәбиді құтқарған сәттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео журналист Гүлмира Әбіқайдың Instagram-парақшасында пайда болған. Видеодағы құтқарушы баланың есімі - Нұргелді. Ол - 8-сынып оқушысы.
"Ат үстіндегі батыр. Түркістан облысының Жамбыл ауылында 3 жасар сәби арыққа құлап, тұншығып қалған. Ауладан шығып кеткен балақайды үйдегілер байқамапты. Атпен шауып бара жатқан 8-сынып оқушысы Нұргелді, кілт тоқтап, сәбиді шалшықтан алып шығып, үлкендерді көмекке шақырады. Айналасына қамқор ауылдың баласы аман болсын. Суға тұншыққан сәби де аман. Аяғы шыққан бала деген тынымсыз, бас-көз болып байқаңыздар", - делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары баланың қайсарлығына таңданып, түрлі пікір қалдырған.
"Ауылдың балалары жақсы ғой, жан-жақты атқа да мінеді, білекті, елгезек, мал бағады, шөп шабады, үйінің басқа тірліктері, көршіге де қол ұшын беріп жүреді", "Ұлына мұндай тәрбие берген ата-анасына рақмет! Қарамай өтіп кетсе, кішкентай аман қалмас еді. Көріп жылап жібердім ғой", "Жаным, қазақтың бір батыры осындай болсын", "Алғашқы көмекті әрбір азамат біліп жүруге тиіс. Аллаға сансыз шүкір көрер жарығы бар екен баланың", "Бұл жасөспірім қандай да бір сыйға, құрметке лайық екен. Ғұмырлы болсын. Көрер жарығы бар сәби екен, ұзақ жасасын. Қиялат, шалқайт, шалқалат деген сөздерді ұғар қазақ тек ауылда ғой", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек