Raim-ның Атыраудағы жеке концертінде күтпеген оқиға болды

Raim-ның Атыраудағы жеке концертінде күтпеген оқиға болды

Әнші Райымбек Бақтыгереевтің Атыраудағы концертінде күтпеген оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Raim лақапатымен белгілі әншінің Атыраудағы концертінде отшашу шашылған. Салдарынан әнші шашын өртеп ала жаздаған. 

Видеоны әншінің әйелі Ерке Есмахан жүктеді. 

"Осы отшашудан қорқып едім", - дейді Ерке Есмахан. 

Еске салайық, Райымбек Бақтыгереев пен Ерке Есмахан биыл 20 қаңтарда некелерін қидырған болатын. Ал 19 ақпанда Ерке Есмаханның "сырға салу" рәсімі өткен еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина