Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты: тағы бір қыз көз жұмды

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты: тағы бір қыз көз жұмды

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан бір қыз оқиға орнында, ал 16 жастағы тағы бір қыз ауруханада көз жұмған, - деп хабарлайды Diapazon.kz.

4 наурызда Шалқар-Бозой тасжолында болған жол апатынан 9-сынып оқушысы зардап шекті.

Ақтөбе облысы бойынша ПД мәліметінше, оқиға шамамен 20:55-те болған. Кәмелетке толмаған жасөспірім Toyota Land Cruiser көлігін жүргізіп келе жатып, рөлді басқара алмаған, нәтижесінде көлік аударылып кеткен.

9-сынып оқушыларының бірі сол жерде көз жұмған, тағы төртеуі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
15 жастағы 1 бала тексерілгеннен кейін амбулаторлық емделуге үйіне жіберілді, оның денесі көгерген, аяқ-қолы сыдырылған. Екі бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. 15 жастағы баланың жамбас сүйегінің төменгі бөлігі сынған, тағы бір 15 жастағы баланың жіліншігі сынған.

Ақтөбе облысының полиция департаменті өкілдері студенттің көлікті ағасының рұқсатынсыз алғанын хабарлады.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Еске салайық, бұған дейін Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарлаған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек