- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тоқтамай күлдім-ау". Желіде...
"Тоқтамай күлдім-ау". Желіде балабақшалардағы 8 наурызда түсірілген қызық видеолар тарады
8 наурыз - арулар мен аналардың мейрамы. Осыған орай мектептер мен балабақшаларда түрлі шаралар ұйымдастыру басталып кеткен. TikTok желісінде де 8 наурыздағы түрлі қызық видеолар тарады. Massaget.kz тілшісі бүлдіршіндердің күлкілі видеоларына шолу жасады.
Желіде тараған видеолардың бірінде кішкентай қыздың бар ынтасымен аналарға арнап өлең оқығаны көрінеді. Сондай-ақ, ол алдында тұрған кішкентай қызға қарап, сүйкімді қылықтар жасап, ойнатып тұрады.
@anelyaabdreevaa #рек #алғысайтукүні #хочуврек #алғыс #ПразднуемВесну ♬ оригинальный звук - Anelya ??
"Бөпесін де ойнатып қояды, актер ғой", "Қатырды, ойнатып кеткен бе?", "Тәрбиешілерге алғыс", "Жаным", "Тіл көзден аман бол", - дейді пікір жазғандар.
TikTok-та тараған келесі бір видеода кішкентай бүлдіршендер хит болған "Қызыл раушан" әнін орындайды.
@22.oo51 Покажите поддержку моему братишке пианисту и его друзьям
♬ original sound - Cherryice
Желі қолданушылары да бұл видеоға тәнті болған.
"Әнді сезініп тұр", "Бұйырса болашақ "Дос-Мұқасан болады", "Болашақ әнші", "Сүйкімді", - дейді олар.
Ал тағы бір видеода кішкентай қыздың ұлға гүл сыйлағаны көрінеді. Кадрлардан екі жұптың жарысқаны байқалады. Бірақ ойын соңы күлкілі аяқталған.
@akmaraaal95 Қызғалдағым??
♬ оригинальный звук - Akmaral
"Тоқтамай күлдім-ау", "Жігіттерге үйретіп жатыр ғой", "Қызыңыз қатырды", - дейді видеоға пікір жазғандар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова