- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жеке тұлғаның банкроттығы:...
Жеке тұлғаның банкроттығы: алғашқы күні 2,5 мыңнан астам қазақстандық өтініш берген
Фото:
elements.envato.com
Қазақстанда банкроттыққа өтініш қабылдаудың алғашқы күні 2,5 мыңнан астам азамат өтініш берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алғашқы өтініш Электрон үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те берілген.
Ал сағат 21:00-дегі жағдай бойынша банкроттыққа барлығы 2 466 өтініш түскен. Ең көп өтінішті Түркістан облысының тұрғындары (289) берген. Алматыдан 238, Алматы облысынан 238 адам өзін банкрот деп жариялағысы келеді.
Ал ең аз өтініш Ұлытау (31) және Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарынан (28) түскен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан