- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев пен Мирзиеев...
Тоқаев пен Мирзиеев Шымкенттегі бейресми кездесуінде не айтты
Мемлекет басшысы Шымкент қаласында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесу өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың хабарына қарағанда, Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы одақтастық қатынастардың қазіргі жағдайын және оны нығайту перспективаларын өзара сенім, достық және тату көршілік рухында қарастырды.
Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр желтоқсан айында Ташкентке жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Екі ел басшысы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, өзара тауар айналымын арттыру, инвестиция тарту, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары туралы сөз болды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкентке барғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан