Ұлытау кенішіндегі төбелес: полиция түсінік берді

Ұлытау кенішіндегі төбелес: полиция түсінік берді

Әлеуметтік желілерде екі адамның үшіншісін ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Полиция оқиғаға түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында бейнежазбада екі ер адамның бір адамға қол жұмсаған видеосы тарады. Жанжал Ұлытау облысындағы кеніштердің бірінің аумағында болғаны анықталды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Ұлытау облысының полиция департаменті қызметкерлері екі күдіктіні ұстады", - деп хабарлады polisia.kz.

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан