"Қазір өлуге уақыт жоқ". Желіде тасжолдағы күтпеген оқиғаның видеосы тарады

"Қазір өлуге уақыт жоқ". Желіде тасжолдағы күтпеген оқиғаның видеосы тарады
Фото: видео кадры

Желіде тасжолдағы күтпеген оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоға тасжолдағы көлік түсірілген. Бұл оқиғаны артта келе жатқан көлік жүргізушісі видеоға түсіріп алған. Бір сәтте көлік жол бойында айналып, кейін жолдың шетіне шығып кетеді. Кадрларға қарағанда, көлік тасжолдың биік жиегінен аударылып түсіп, әрі қарай жүріп кеткені көрінеді.

Ал оқиғаны түсіріп келе жатқан көлік мұны көргенде бірден тоқтамақ болады. Бірақ көліктің тоқтамағанын көріп, таңғалысын жасыра алмайды.

Видеоға пікір қалдырған оқырмандар да көп. Бірі оқиғаға көңілді қараса, бірі жүргізушінің денсаулығына алаңдаған.

"Қазір өлуге уақыт жоқ", "Күнделікті жолы сияқты ғой үйреніп қалған", "Бұл жергілікті бала ғой, ылғи осылай бұрылады", "Сүйегі мықты ғой осы көліктердің, қазіргілер солай бір айналса төбесі мыжылып, быт-шыты шығар еді", "Ішіндегі жүргізуші ауырып қалмады ма екен?" - деп жазады оқырмандар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МЫҚТЫ Видеолар ? (@qazaq_tv)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан