Шымкент дәрігерлері танымал экстрасенс Анатолий Кашпировскийді емдеді

Шымкент дәрігерлері танымал экстрасенс Анатолий Кашпировскийді емдеді

Шымкенттегі №1 қалалық клиниканың қызметкерлері танымал психотерапевт Анатолий Кашпировскийдің ауруханаға түскенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Шымкент клиникасына асқазан жарасы диагнозымен түскен. Науқас тіпті үш литр қан жоғалтыпты.

"Науқас бізге 2022 жылғы қарашада түсті, емделіп шықты және толық жазылды. Ол осы уақыт аралығында Шымкентте болды", - деді дәрігерлер.

Дәрігерлердің сөзінше, қазір науқастың жағдайы жақсы. Анатолий Кашпировский Шымкент клиникасының дәрігерлеріне жұмысы үшін алғыс айтты.

Белгілі психотерапевт Анатолий Кашпировский Қазақстанның оңтүстігіне, оның ішінде Төлеби ауданына жиі барады. Онда оның өз үйі бар.

Анатолий Кашпировский - кеңес психотерапевті, теледидар арқылы "қашықтан емдейтін" "Сеансы здоровья врача-психотерапевта Анатолия Кашпировского" телебағдарламасының жүргізушісі, I шақырылған Мемлекеттік Думаның депутаты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан