"Көмірден еш кем емес". Алматы облысының тұрғындары моншаны ақшамен ысытып жүр

"Көмірден еш кем емес". Алматы облысының тұрғындары моншаны ақшамен ысытып жүр

Алматы облысы Шолаққарғалы ауылы Гагарин көшесінің тұрғындары қыстай моншаларын ақшамен жағып шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, ақшаның қызуы көмірден кем емес болып шыққан.

"Көршіміз Талап жүк көлігін айдайды. Бір күні ауласына ұнтақталып, нығыздалған ақшаны тау қылып үйіп тастапты. Бізбен бөлісті. Көршілер мөшектеп тасып алдық. Бұған ештеңе ала алмайсың ғой. Бірақ қалай болғанда да нығыздалған ақшаны қолға ұстап көргеннің өзі қызық. Бір кәдеге жаратайық дедік те отқа жақтық. Қызуы көмірден еш кем емес", - дейді ауыл тұрғыны Марат.

Тұрғындардың айтуынша, ұнтақталған ақша теңгеге ұқсайды. Ал тұрғын Талап Пушкуевтің айтуынша, бұл материалды шатырының төбесін жылытуға құрылыс материалы ретінде сатып алған.

"Әлеуметтік желідегі жарнамалардың бірінен ұнтақталған банкноттардың шатырдағы жылуды жақсы ұстайтынын көзім шалып қалған еді. Содан хабарласып, тапсырыс бердім. 10 мың теңгеге он тонна "туралған банкноттарды үйіме жеткізіп берді. Содан шатырға жайып тастадым. Артылғанын өртедік, пешке жақтық. Көршілер де тасып әкетіп жатты", - дейді ол.

Мәселенің анық-қанығын анықтау мақсатында құзырлы органдарға сауал жолдадық. 

                                                                             Саламат Сабыр

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина