Ақтауда ер адамдар балконда кәуап пісірген - видео

Ақтауда ер адамдар балконда кәуап пісірген - видео
Фото: lada.kz

Ақтауда көпқабатты үйлердің бірінің балконында ер адамдар кәуап пісірген. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Lada.kz.

Видео Instagram-да жарияланған. Кадрларда балкондағы бірнеше ер адамның кәуап дайындап тұрғаны көрінеді. Олар 32-шағынаудандағы жаңа ғимараттардың бірінің балконында от жаққан. Көршілер оны байқап, суретке түсіріп алған.

Тұрғындар ер адамдар бұл әрекетімен өздеріне де, басқаларға да қауіп төндіргенін айтқан. Маңғыстау облысының Полиция департаменті өкілдері әзірге пікір білдірмеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова