"Небәрі 16 жаста". Шоу-биз жұлдыздары жылдар өте қалай өзгерді?

"Небәрі 16 жаста". Шоу-биз жұлдыздары жылдар өте қалай өзгерді?

Танымал шоу-бизнес өкілдері бірнеше жыл ішінде адам танымастай өзгерді. Олар әдетте заман ағымына сай трендтегі сұлулық процедураларын жасады немесе шаш үлгісін өзгертеді. Massaget.kz тілшісі қазақстандық өнер иелерінің ескі суреттерін жинап, олардың қалай өзгергеніне шолу жасады. 

Қайрат Нұртас

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова қолданушылармен 15 жыл бұрын түсірілген суреттерді бөлісті. Қайрат Нұртастың шаш үлгісі айтарлықтай өзгермеген. Бірақ әнші енді ел алдына көзілдіріксіз шыға бермейді.

"Бүгін үйдегі архивтерді ақтарып отырғаным ғой. Мына суретте 10 жыл бұрын", - деп жазған Гүлзира Айдарбекова суреттің сипаттамасына. Бұл жазба 2017 жылы жарияланған еді. 

Сондай-ақ, ол Қайраттың 19 жасында түскен суретін жариялады. 

Төреғали Төреәлі

Танымал әнші Төреғали Төреәлі де жастық шағын еске алып, бұдан 15 жыл бұрын түскен суретін бөлісті. Жазбаны ол 2018 жылы жариялаған. Төреғали Төреәлі де сол қалпы, бірақ аздап салмақ қосқаны көрінеді. 

"Бұл 10 жыл бұрынғы сурет. Кімді таныдыңыздар?" - деп жазған ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????? ??????? (@toregalitoreali)

Жеңіс Ысқақова

Әнші Жеңіс Ысқақова да Желіде ерекше мұрағат суретін бөліскен еді. Ол оқырмандарына 20 жыл бұрын қандай болғанын көрсетті. Өнер иесінің шаш ұзындығы сол қалпы, бірақ түсі мүлде басқа. Сондай-ақ, ол қасының формасын аздап өзгерткен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZHENIS ISKAKOVA (@zhenisiskakova)

Шахизада 

Әнші Шахизада әлеуметтік желіде естелік фотосын көп жүктеді. Мәселен, мына суретте ол "МузАРТ" тобы және Роза Рымбаевамен түскен. Бұл жазбаға әнші 2005, 2010, 2015 жыл деген хэштег қойған. Өнер иесінің енді кекілі жоқ, кейінгі суреттерде оның шашы басқа түске боялғаны байқалады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ⚜️ ᔕᕼᗩᕼIZᗩᗪᗩ ⚜️ (@shahizada.art)

Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген бұл суретте 21 жаста. Бұл сурет 2015 жылы "Славянский базар" байқауында түсірілген. 

Ал бұл суретте өнер иесі 18 жаста, 2012 жылы "Жас қанат" байқауындағы сәт. Өнер иесінің образындағы басты өзгеріс - шаш үлгісі. Қазір оның шашы ұзын емес. 

Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков

Былтыр желтоқсанда Желіде әнші Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіковтің 18 жасындағы суреті жарияланған еді. Суретті дәстүрлі әнші, термеші Айгүл Елшібаева Instagram-парақшасында жүктеді. Суретте Мейрамбек Бесбаевтың мұрты болса, Тоқтар Серіковтің шашы бұйра. Қазір Мейрамбек Беспаев мұрт өсірмейді. 

"Күзде туған Тоқтар мен Мейрамбектің 18 жас деп, жасаған туған күндерінен естелік. 1994 жыл. Алматы қаласы. Тоқа жасарғысы келді ма, 19-ға толса да, жоғарыға 18 жас деп жазылғаны әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалды", - дейді термеші.

instagram.com/aigulyelshibayeva01

Балғынбек Имашев, Ринат Зайытов және Айнұр Тұрсынбаева

Сондай-ақ, Айгүл Елшібаева айтыскерлер Балғынбек Имашев, Ринат Зайытов және Айнұр Тұрсынбаева 15 жыл бұрынғы суретін бөліскен. Балғынбек Имашев пен Ринат Зайытовты бірден танысаңыз, көк баскиімдегі Айнұр Тұрсынбаеваны танымай қалуыңыз мүмкін. 

"Париж. 2008 жыл. Франция. Жүрсіннің жүйріктерімен. Муленружға концерт көремін деп, жұрттан қалып қойып, жергілікті адам сияқты таксимен барғанымды қайтейін?! Естелік 15 жыл бұрын", - деп жазған ол. 

Айтыскер ақын қасының формасын өзгерткен. Оның орамал таққанына да біраз болды. 

Айнұр Тұрсынбаеваның Instagram-парақшасынан

Роза Рымбаева 

Желіде Халық әртісі, әнші Роза Рымбаеваның суреттері жетерлік. Өнер иесі Желідегі парақшасында мұрағат фотоларын жүктеп, оқырмандарын қуантады. Мына видео 1984 жылы түсірілген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Роза Рымбаева (@rozarymbaeva)

Ал бұл суретінде Роза Қуанышқызы небәрі 16 жаста. Өнер иесі Алматыға 1973 жылы келген еді. 

"Алматыға алғаш келіп, оркестрмен бірінші рет ән орындаған кезім", - деп жазған ол.

instagram.com/rozarymbaeva

Мақпал Жүнісова 

Ел еркесі, әнші Мақпал Жүнісова 42 жыл бұрын түсірілген суретті бөлісті. Онда ол 17-де. 

"1981 жылғы жаз, менен басқа кімді таныдыңыздар?" - деп жазған әнші. 

Желі қолданушылары бірінші қатарда оюлы көйлек киген Мақпал Жүнісованы бірден тани кеткен. Одан басқа, суретте Сейдолла Байтереков, Шөмішбай Сариев, Мұхтар Шаханов, Сайын Мұратбеков, Сәкен Жүнісов, Көпен Әмірбеков бар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Ерке Есмахан

"Алло", "Қайда?" хиттерімен танымал, жақында тұрмысқа шыққан Ерке Есмахан кейінгі жылдары айтарлықтай өзгерген. 

Айгүл Иманбаева 

Жақында жеке концертін өткізуді жоспарлаған Айгүл Иманбаева қызу дайындық үстінде. Ол көзіне блефаропластика жасатқан. Шоу-бизнес өкілі адам танымастай өзгерді. Енді оның кекілі қазіргі стильге сай, оның үстіне артық салмақтан арылған. 

Еске салайық, бұған дейін танымал қазақстандықтардың бала күнгі суреттерін жариялаған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек