Оралдағы арнайы ХҚКО-да төбеге ілінген ноутбук жұртты күлдірді

Оралдағы арнайы ХҚКО-да төбеге ілінген ноутбук жұртты күлдірді
Фото: instagram.com/qumash_kz

Әлеуметтік желіде Оралдағы арнайы ХҚКО-лардың бірінде түсірілген күлкілі сурет тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап.

Суретті Qumash Instagram-парақшасы жариялаған. Онда электрон кезекті көрсететін ноутбук түсірілген. Бұл ретте гаджет төбеде ілулі тұрған теледидардың артқы жағына бекітілген.

Жазба сипаттамасында "өнертабыс" авторының тапқырлығы талқыланып жатыр.

"Why ноут?", "99-деңгейдегі айтишниктер", "АйТишниктер керемет! Мәселені тез және арзан шешіпті. Жақсы шағын компьютер, қанша тұрады? 400 мың?" "Істен шыққан ноутбук пайдасын тигізді", "Заманауи мәселелер заманауи шешімдерді талап етеді", - деп қолданушылар күлкілі пікірлер қалдырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qumash / Новости Казахстана (@qumash_kz)

Жағдайды анықтау үшін редакция Азаматтарға арналған үкімет баспасөз қызметіне хабарласты.

"Мемлекеттік корпорацияның БҚО бойынша филиалы электрон кезек таблосы (теледидар экраны) ноутбук арқылы жұмыс істейтінін хабарлайды. Бүкіл процесс (кезекке тұру тәртібі, клиентті шақыру, хабарлау және т.б.) ноутбук арқылы басқарылады. Бұл ноутбук HDMI кабелі арқылы негізгі таблоға қосылған, ол арқылы электрон кезек тәртібі хабарланады", - деп жауап берді.
Сондай-ақ, баспасөз қызметі мекемеде төбенің биіктігі 8 метр болатынын, бұл күту залының ортасына орнатылған таблоға кабель жүргізуді қиындататынын айтады. Жүйенің біркелкі жұмысын қамтамасыз ету үшін ноутбукты таблоның артқы жағына орнату туралы шешім қабылданған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина