"Сол жағдай өз басыма келді". Танымал блогер өміріндегі қателігі туралы айтты

"Сол жағдай өз басыма келді". Танымал блогер өміріндегі қателігі туралы айтты

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өткен күнін еске алып, жасаған қатесі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы блогер "Менің өмірім" бағдарламасында айтты. 

"Менің таныс құрбым болатын. Артық кетсем тіліміз жазықты, сол қыз көшеде жүріп, бір жігітке алданып, балалы болды. Соны "үйде отырып, балалы болды" деп көп өсектегенмін. Менікі адамгершілік емес қой. Бірақ сол уақыттағы менің санасыздығым осы. Сол жағдай өз басыма келді. Жолдасым екеуіміз АХАЖ бөліміне тіркелдік, бірақ көпшілікке айтпадық. Менің аяғым ауыр болды. Қолмен істегенді мойынмен көтеріп, ағайын-туыстың алдына барып бетімізді ашамыз деп солай жасағаным бар. Содан кейін біреудің қателігін ешқашан айтпайтын болдым. Тек жақсы жағын айтқым келеді. Күйеуім де "Біреудің үйіне барған кезде соқыр болып кір де, мылқау болып шық" деген", - дейді блогер. 

Ырысбала Икрамбай одан кейін құрбысымен кездеспегенін айтады. 

"Телефон нөмірі де жоқ. Сол құрбымнан кешірім сұраймын. Өзімнің кінәм. Кешірім сұрауға міндеттімін де", - дейді блогер.    

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина