Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?

Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?
Фото: ©Ренат Тәшкінбаев

2023 жылғы наурызда бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтар 12 күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

8 наурыз халықаралық әйелдер күні демалыс ретінде сәрсенбіге сәйкес келеді. Наурыз мейрамында қазақстандықтар сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі, яғни 21, 22 және 23 наурыз үш күн демалады. Мереке аптаның ортасына келеді, сондықтан жұмыс апталары қысқа болады.

Осылайша, наурызда төрт мейрам күні болады. Сонымен қатар, наурызда қазақстандық оқушылар 18-26 наурыз аралығында көктемгі демалысқа шығады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова