- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Соңы өлім болатын...
"Соңы өлім болатын жағдайды күтіп отырмыз ба?" Қаңғыбас иттер ақтаулықтардың есін шығарды
Фото:
Lada.kz
Ақтауда қаңғыбас иттер жұртты шошытты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қаңғыбас иттер көшені еркін кезіп жүр. Бұл жергілікті тұрғындардың есін шығарған.
"Қаңғыбас иттерді бақылайтын біреу бар ма? Осы аптада "Волна" базарының маңында иттер баланы қауып алды. Соңы өлім болатын жағдайды күтіп отырмыз ба?", - дейді жергілікті тұрғын Светлана.
Қалалық ветеринарлық қызмет өкілдерінің сөзінше, заңға сәйкес қаңғыбас иттерді аулауға болмайды. Олар қауіп төндірген жағдайда құзырлы органдарға хабарласып, арыз жазу керек. Сол жағдайда ғана қажет шаралар қолданылады екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина