"Ұялмайсың ба?" Серік Сәпиев пен балуанның арасындағы жанжал киім ауыстыратын бөлмеде жалғасты

"Ұялмайсың ба?" Серік Сәпиев пен балуанның арасындағы жанжал киім ауыстыратын бөлмеде жалғасты
Фото: видеодан алынған кадр

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматыдағы Naiza 49 турниріндегі төбелестен кейін балуанмен киім ауыстыратын бөлмеде қайта ерегіскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде болған. Эпизодтардың бірінде балуан Зелімхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданғанын көруге болады, ал бұл боксшыға ұнамай қалған, содан кейін төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгереді.

Алайда олар кейінірек киім ауыстыратын бөлмеде тағы дауласқан. Сәпиев пен Мұсиханов бір-бірінің қолын алғанымен, қайта төбелесе жаздады. "Сен маған "Енді олай жасама" дейсің. Мен де қызба адаммын!" деді Сәпиев.

Кейін дауға балуанның жаттықтырушысы араласып, Сәпиевке "Мен оның жаттықтырушысымын. Сен бұл ережелерге өзің келістің. Сен Олимпиада чемпионысың ғой, жас баланы ұрып жатырсың! Ұялмайсың ба? Қандай үлгі беріп жатырсың?" деді.

Соңында Сәпиев пен балуан қол алысты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан