Қазақстан қонақжай елдер рейтингінде қай орында екені белгілі болды

Қазақстан қонақжай елдер рейтингінде қай орында екені белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Passport Index жыл сайынғы рейтингі бойынша Қазақстан қонақжай елдер рейтингінде 54-орынға көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орта Азия елдерінің ішінде Тәжікстан 49-орында (87 елдің азаматтарына визасыз келуге ашық), Қырғызстан 53-орында (80 ел).

Бірден 22 ел көш бастап тұр, оның көпшілігі Африка континентінде орналасқан (Нигерия, Эфиопия, Габон, Руанда, Джибути). Мальдив, Камбоджа және Комор аралдары да бірінші орында. 198 елдің азаматы осы елдерге визасыз бара алады.

Сонымен қатар, бұл рейтингте Солтүстік Корея, Түркіменстан және Ауғанстан көш аяғында тұр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек