Алматыда түн ортасында жастар арасында жаппай төбелес шыққан

Алматыда түн ортасында жастар арасында жаппай төбелес шыққан

Әлеуметтік желіде Алматыдағы университтердің бірінің жатақханасы маңында түнде жастар арасында жаппай төбелес шыққаны туралы видео тарады. Полицейлер 11 адам ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметінше, 23 ақпанда сағат 23:00 шамасында Алматы қаласы Бостандық ауданында жастар арасында төбелес шыққан. Осы ақпарат бойынша бірден бірнеше патрульдік полиция экипажы барған, нәтижесінде төбелеске қатысы бар болуы мүмкін деген күдікпен 11 адам ұсталған.

Бұл жағдайға қатысты бұзақылық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес соталды тергеу амалдары басталған. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова