- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-дағы қайғылы оқиға:...
БҚО-дағы қайғылы оқиға: ұшақ апаты кезіндегі суреттер пайда болды
Батыс Қазақстан облысында қатты екпінмен қонған "Қазавиақұтқару" тікұшағында 4 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға орнынан жаңа суреттер тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "МОЙ Город" сайтына сілтеме жасап.
23 ақпанда сағат 15:50-де Батыс Қазақстан облысы Чапурино елді мекенінен 6 шақырым қашықтықта "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысы бойынша құбырды тексеру бойынша ұшқан "Қазавиақұтқару"АҚ 2022 жылы шығарылған Ми-8 АМТ тікұшағы қатты екпінмен келіп қонды.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына барды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов та қаза тапқандар туралы ақпаратты растады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина