АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді
Фото: Риа Новости

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды. Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді.

Сол күні Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина