- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-дағы тікұшақ апаты:...
БҚО-дағы тікұшақ апаты: ТЖМ қызметкерлері қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында тікұшақтың қатты екпінмен қонуы салдарынан ТЖМ қызметкерлері қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты.
"Қатты екпінмен қону салдарынан ТЖМ "Қазавиақұтқару" қызметкерлері қаза тапты. Біздің қызметкерлеріміз", - деді ол.
Еске салайық, 23 ақпанда сағат 15:50-де Батыс Қазақстан облысы Чапурино елді мекенінен 6 шақырым қашықтықта "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысы бойынша құбырды тексеру бойынша ұшқан "Қазавиақұтқару"АҚ 2022 жылы шығарылған Ми-8 АМТ тікұшағы қатты екпінмен келіп қонды.
Салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан